Оқиға Есет батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысында болды.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде ірі жолайрықта екі ер адамның ұсталуына байланысты жол қозғалысы уақытша тоқтатылды. Оқиғаның барысын куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға Есет батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысында болған. Видеодан шамамен он патрульдік көліктің қара түсті BMW автокөлігін қоршап тұрғаны көрінеді. Ер адамдардың бірі асфальтта етпетінен жатыр, ал екіншісі көліктің капотында қолы байланып тұр. Бірнеше минуттан кейін олардың екеуі де қызметтік автокөлікке отырғызылды.
Полиция департаменті қозғалыстың уақытша тоқтатылуы жүргізілген жедел іс-шаралармен байланысты екенін мәлімдеді.
«Есет батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы уақытша жабылды. Тургенев көшесінде қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар полиция тарапынан ұсталды. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деп хабарлады ведомство.


