Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 нөміріне шұғыл хабар сағат 22:55–те келіп түскен.
ERNUR.KZ. 19 маусымда түнде Ақтөбе қаласында газ құю бекетінде ішінде үш адам бары көлік өртенді. Өкінішке қарай, кәмелет жасына толмаған екеу және бір ересек адам тірідей жанып кетті, деп жазады Zakon.kz.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 нөміріне шұғыл хабар сағат 22:55–те келіп түскен. Өрт сөндірушілер Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетіне дереу жетіп, өртті сегіз минут ішінде, яғни 23-03-те толықтай сөндірді.
"Өрт сөндіру кезінде көлік ішінен үш адамның денесі табылды. Оның екеуі кәмелетке толмаған. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді". Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Оқиға орнына 10-нан астам техника мен 50-ден астам қызметкер барды. Олардың арасында өрт сөндірушілермен қатар Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасының мамандары болды.


