Ақтөбеде ер адам көршісінің үйінен халатпен келген әйелін пышақтап тастады

0
78

​Олардың ісі сотта қаралды.


Ақтөбеде ер адам көршісінің үйінен халатпен келген әйелін пышақтап тастады

фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 41 жастағы жұмыссыз ер адам мас күйінде таңертең көршісінің үйінен тек халатпен келген әйелін қызғанып, пышақ сұғып алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тергеу мәліметінше, ер адам алдымен әйелінің бетінен ұрған. Әйел адам қорыққанына ас үйдегі пышақты қолына алған. Алайда күйеуі пышақты жұлып алып, әйелінің ішіне сұғып алған. Жара ішкі органдарға тимегенмен, әйел адам ауруханаға түсті.

Ер адамның қызғанышының өршуіне көршісінің әйелінің киімдері мен кілттерін әкеліп беруі де ықпал еткен. Сотта көрші ол екеуі түнде бірге бір бөтелке арақ ішкенін, содан кейін әйел үйіне кетіп қалғанын, арасында басқа ештеңе болмағанын растады.

Сот процесінде айыпталушы әйелінен кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Әйелі де оны кешіретінін жеткізді. Дегенмен сот ер адамның қауіпті екенін ескеріп, оны оқшауланған түрде жазасын өтеуі тиіс деп шешті. Бұған қоса, оның бұрын бірнеше рет сотталғаны ескерілді.

Сот үкімімен ер адамға максималды қауіпсіздік режиміндегі колонияда 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.