Ақтөбеде екі бала бесінші қабаттан құлап кетті

0
1 329

Бірінші жағдай 6 мамырда болды.


Ақтөбеде екі бала бесінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбеде екі бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.

Бірінші жағдай 6 мамырда болды. Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қараусыз қалған екі жасар бала бесінші қабаттан құлаған.
"Бала жансақтау бөлімінде, дәрігерлер оның жағдайын ауыр, ес-түссіз жатыр дейді. Бала басынан бірнеше жарақат алған, кеуде қуысы да зақымданған. Қазір бүлдіршін жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", - дейді ведомство.
Ал екінші оқиға 7 мамырда тіркелді. Бес жасар бала үйдің бесінші қабатының терезесінен құлап түсті. Ол да жансақтау бөлімінде жатыр. Бала Ақтөбеге Шалқардан қонаққа келген.
"Ол құлаған кезде ағаштар біраз сақтап қалған, бірақ жарақаттары ауыр. Балада кеуде қуысы жараланып, екі өкпесі зақымданған. Басынан да жараланған, қабырғалары сынған", - деп жазды портал.