Нәтижесінде ер адам 15 жыл 6 айға сотталды.
Фото: pexels.com
ERNUR.KZ. Сот әскери қызметкерді кінәлі деп танып, оны 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сот шешімімен ол әскери атағынан айырылды, деп жазады ulysmedia.kz.
Қылмыс Ақтөбе қаласында болған. Әскери қызметкер Қылмыстық кодекстің 120-бабы – «Зорлау» бойынша сотталды. Істі Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімінің қызметкерлері тергеген. Жәбірленуші – кәмелетке толмаған, сондықтан іс бойынша толық мәліметтер жарияланбайды. Сот отырыстары Астана қаласында жабық режимде өтті.
- Ер адам қыз баланың қорғануға шамасы келмейтінін түсініп, жыныстық қатынасқа түскен. Ол кінәлі деп танылды, делінген сот материалдарында.
Нәтижесінде ер адам 15 жыл 6 айға сотталды.


