Бұл оқиға 6 қазанда болған.
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Ақтөбеде 5-сынып оқушысының қолы екі жерден сынып, ота жасалған. Қазір ол қолындағы сым темірмен үйде білім алуға мәжбүр, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл оқиға 6 қазанда болған. Содан бері біраз уақыт өткенімен, баланың анасы енді ғана жанайқайын дүйім жұртқа жеткізіп отыр.
Ақжан Кәрімнің айтуынша, ұлын 10-сынып оқушысы спорт алаңында ұрып-соққан, мектеп басшылығы бейнебақылау жазбасын көрсеткен, бірақ сапасы нашар.
Телеарна мәліметінше, полиция істі "орташа ауыр жарақат келтіру" бабымен тергеп жатыр.


