Жоба өңірдегі сүт өнімдеріне деген тапшылықты азайтуға бағытталған.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында құны 7,4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында 1 625 жоғары өнім беретін ірі қара малға арналған сүт-тауарлы ферма кеңейтіледі, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Бірінші кезең іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. 2025 жылдың тамыз айында екінші кезеңді қаржыландыру басталды. Ол қосымша 15 жұмыс орнын ашып, жылына 20 мың тоннаға дейін сүт өндіруге мүмкіндік береді.
Жоба өңірдегі сүт өнімдеріне деген тапшылықты азайтуға бағытталған.