Еркін Далмағамбетов 46 жаста болатын.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің денесі табылды. Өңірдің полиция департаменті суицид туралы ақпаратты растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
46 жастағы әкімнің денесі үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.


