Ақтөбе облысында оқушының жүктілігін анықтай алмаған дәрігерлердің барлығы жұмысынан босатылды

0
111

13 қазан күні өңірдегі мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы босанды.


Ақтөбе облысында оқушының жүктілігін анықтай алмаған дәрігерлердің барлығы жұмысынан босатылды

Фото: ЖИ

ERNUR.KZ. Қазанда Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер мектеп оқушысының жүктілік белгілерін үш рет анықтай алмағаннан кейін тексеру бастаған еді. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров есеп беру кездесуінде осы оқушыға қатысты жасалған қате диагноздар жөніндегі дауға жауап берді, деп жазады stan.kz.

"Факт бар. Біздің тарапымыздан комиссия құрылды, тексерілуге тиіс және бұл жағдайды ерте кезеңде анықтауға тиіс болған мамандарды қызметінен шеттету туралы дереу шешім қабылданды. Бірқатар қызметкерлер, соның ішінде аудандық білім бөлімінің басшысы да жауапқа тартылып, қызметінен босатылды", – деді әкім.

Оның айтуынша, күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр және тиісті сараптамалар да қолға алынды.

"Тергеу аяқталған соң нәтижесі жұртқа хабарланады", – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ өзі тергеуге араласуға құқығы жоқ екенін мәлімдеді.

13 қазан күні өңірдегі мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы босанды. Ол Ойыл ауданындағы орта мектепте оқиды және толық емес отбасынан шыққан. Барлық дәрігер мен жауапты мамандар жүктілік белгілерін үш рет байқамаған.