Ақтөбе облысында оқушы қызды зорлады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды

0
89

​Күдікті жігіт қамауға алынған.


Ақтөбе облысында оқушы қызды зорлады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 25 жастағы жігіт жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әлеуметтік желілерде 14 жастағы мектеп оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тараған болатын. Құқық қорғау органдары аталған деректі растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу және процестік амалдар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері айғақтарды жинап, қылмыстық процесс қатысушыларының барлық уәждерін тексеріп жатыр.

«Тергеу органдары істің барлық егжей-тегжейін мұқият зерделеуде. Жан-жақты тексеру қорытындысы бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады», - делінген ресми хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты, сондай-ақ кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге мәліметтер жарияланбайды.