Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

0
418

Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды.


Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

ERNUR.KZ Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырады. Дельтапланның ұшқышы қаза тапты, деп жазады Zakon.kz.




ҚР Көлік министрлігінің хабарлауынша, дельтплан "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі болған, ол өндірістік жұмыстарды орындау үшін әуеге көтерілген.

Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды.

"Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес, бұл оқиға авиациялық оқиға ретінде қаралады".ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі