Ақтөбе облысында 90-жылдар стилінде той жасағандарға айыппұл салынды

0
124


Ақтөбе облысында 90-жылдар стилінде той жасағандарға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 90-жылдар стилінде безендірілген той кортежі полицияның назарына ілікті, деп жазады Zakon.kz.


Ақтөбе облысында 90-жылдар стилінде безендірілген той кортежі полицияның назарына ілікті. Әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты құқық қорғау органдары тойға қатысушыларды анықтап, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

Кадрларда бірнеше көліктің той кортежімен келе жатқаны көрінеді. Жолаушылардың бір бөлігі көлік салонынан сыртқа шығып отырған. Сонымен қатар жүргізушілер күндіз сыртқы жарық құралдары мен дыбыстық сигналдарды дұрыс пайдаланбаған.

Полиция барлық құқық бұзушыны анықтады. Олар Қарғалы ауданының тұрғындары болып шықты. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, тиісті шара қолданылды.

Полиция қуанышты жағдай жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін сақтаудан босатпайтынын еске салды.

Бөлісу