Ақтаудағы "ҚазАзот" компаниясында төтенше жағдай болды

0
208

Бірнеше адам зардап шеккен.


Ақтаудағы

Photo: АО “КазАзот”

ERNUR.KZ. "ҚазАзот" компаниясында төтенше жағдай болғаны туралы хабар әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады sputnik.kz.

Ақтау тұрғындары кәсіпорын ауданына жіберілген жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктерін видеоға түсіріп алған. Оқиға орнындағы кадрлар желіде таралды.
Кейінірек компания бұл оқиғаға түсініктеме берді.

"Біз үшін бұл өте қиын оқиға. Біз зардап шеккендерге және олардың жақындарына шынайы жанашырлық пен қолдау білдіреміз. Оқиғаның алғашқы сағаттарынан бастап компания көмек көрсету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдады. Біздің бастамамыз бойынша емдеуге еліміздің бас реаниматологы және термиялық күйік бойынша бейінді маман тартылды", - деп хабарлады компания.

Сондай-ақ, ақ зардап шеккендер дәрігерлерімен және отбасыларымен үнемі байланыста екенін хабарлады.

"ҚР Еңбек кодексінің 189-бабына сәйкес, комиссия төрағасының келісімінсіз куәгерлерге сауалнама жүргізуге және кез келген қосымша тергеп-тексерулер жүргізуге қатаң тыйым салынады. Осыған байланысты барлық тексерулер аяқталғанға дейін оқиғаның егжей-тегжейлері жария етілмейді. Компания уәкілетті органдарға толық көмек көрсетеді және заңнама шеңберінде қатаң әрекет етеді", – деп атап өтті компания.

Тергеу нәтижелері мен одан әрі шаралар туралы қосымша хабарлауға уәде етілді.