Ол алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.
© Sputnik / Александр Кряжев
Ақтау қаласында 12-қабаттан құлаған ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 25 шілде күні болған.
Ер адам балкон арқылы үйге кіремін дегенде 12-қабаттан құлап кеткен. Ол алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм бұрын Түпқараған ауданының бас прокуроры болған. Былтыр зейнеткерлікке шыққан.


