Ақсуда жағдайы төмен отбасыларға арнап тұруға жарамсыз үйлер сатып алынған

0
93

Осы үшін мемлекетке 50 млн теңге шығын келген.


Ақсуда жағдайы төмен отбасыларға арнап тұруға жарамсыз үйлер сатып алынған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Ақсу қаласының әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін құрылысы аяқталмаған пәтерлер «сатып алған», деп жазады Azattyq Rýhy.

Ақсу қаласының прокуратурасы биыл мұқтаж азаматтарға арналған 24 пәтердің тұруға жарамсыз күйде сатып алынғанын анықтады.

Тексеру барысында Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің сатып алған пәтерлері сол кезде әлі толық аяқталмаған және азаматтардың тұруына дайын болмағаны белгілі болды.

Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысының заңсыз әрекеттері нәтижесінде мемлекетке 50 миллион теңгеден астам залал келтірілген.

Ақсу қаласының ауданаралық соты аталған лауазымды тұлғаны қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану арқылы ауыр зардаптарға әкелгені үшін екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылып, кезекте тұрған азаматтар көптен күткен тұрғын үймен қамтамасыз етілді.