Сот оның жасын ескеріп, үш жылға соттады.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Биыл 8 ақпан күні Павлодар облысы, Ақсу қаласы Сарышығынақ ауылында 68 жастағы әже азаматтық некедегі күйеуін өлтіргені үшін үш жылға сотталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Сотқа алқабилер қатысқан. Тергеудің мәліметіне сүйенсек, 8 ақпан күні әже үйіне келіп, бірге тұратын ер адамның ас үйде ішімдік ішіп отырғанын көрген.
«Ер адам екеуі жанжалдасып қалған. Сол кезде әйел адам өшпенділік танытып, ер адамды өлтіру үшін жүрегіне пышақ сұғып алған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлайды сот.
Прокурор әйелді 8 жылға соттауды сұраған. Әже мен оның адвокаты өзін ақтаулы сұраған. алқабилер оны «Кісі өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп тапқан. Заң бойынша бұл қылмыс үшін адам 8 жылдан 15 жылға дейін сотталады.
«Сот азаматша И-дың 68 жаста екенін, оның бұрын сотты болмағанын және тұрғылықты жері бойынша жақсы мінездеме алғанын ескеріп, ҚК-тің 55-б. 4-б. қолдана отырып, яғни ҚК-нің 99-б. 1-б. санкциясында белгіленген ең төменгі шектен төмен жаза тағайындау мүмкіндігіне әкеп соқтыратын ерекше мән-жай деп таныды. Осыған байланысты И.-ге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлайды Ақсу соты.