​Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр

0
128

2024 жылғы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстан қаза тапқан еді.


​Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр

фото:inform.kz.

ERNUR.KZ. 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр, деп жазады inform.kz.

«Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды», – деп хабарлады ҰҚК редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Ведомство тергеу қандай бап бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылаған жоқ.
Еске салайық, 2024 жылғы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстан қаза тапқан еді. Тергеу нұсқасы бойынша ол тұрғын үй кешенінің жетінші қабатындағы пәтер терезесінен құлаған.
Алайда марқұмның анасы Гүлстан Хамит қызының өзіне қол жұмсауы мүмкін еместігін айтып, оның өзге адамдардың зорлық-зомбылығы салдарынан қаза тапқанын мәлімдеген. Ол әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын.
Бұл оқиға қоғамда кең резонанс тудырған еді. Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, куәгерлерден жауап алынып, бейнежазбалар зерттеліп жатқанын хабарлаған болатын.