Аталған қаражат есебінен еліміздің әр өңірінде бүгінде 333 әлеуметтік нысан салынып жатыр.
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Зеренді ауылында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде прокуратура органдары қайтарған қаражат есебінен салынған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.
Жаңа мектеп аудан балаларына «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында толыққанды дене шынықтырумен айналысуға, спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұл бастама мемлекетке қайтарылған қаражаттың қоғам игілігіне қызмет етуінің және спортты дамытуға жағдай жасаудың жарқын үлгісі.
Аталған қаражат есебінен еліміздің әр өңірінде бүгінде 333 әлеуметтік нысан салынып жатыр.
Ақмола облысында — 37 нысан, оның ішінде 26 — сумен жабдықтау нысаны, 10 — медициналық мекеме.