Зардап шегушілердің денесінің 30-40 пайызын күйік шалған.
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Жібек жолы ауылында орналасқан сүт зауытында төтенше жағдай орын алып, екі адам зардап шекті, деп жазады baq.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, газгольдерде (табиғи газ) газ-ауа қоспасының тарсылы (хлопок) болған. Өрт шықпаған және ғимараттың құрылымына зақым келмегендіктен, құтқарушылар оқиға орнына шақыртылмаған.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен екі азамат дене күйігімен Астана қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың денесінің 30-40 пайызын күйік шалған.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
ТЖМ баспасөз қызметі «жарылыс» пен «тарсыл» (хлопок) ұғымдарының айырмашылығын түсіндіріп өтті:
- Жарылыс кезінде конструкциялар қирап, қабырғалар құлайды.
- Тарсыл - бұл негізгі тіреуіш конструкцияларды қиратпайтын, қуаты аздау толқын.


