Кәсіпкер өз сыйлығын басқа ауданға беріп жіберген.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Аршалы ауданының Волгодоновка ауылында кәсіпкер бірнеше жыл бұрын жергілікті балалар үшін өз қаражатына салған балалар алаңын бұзып тастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Кәсіпкердің айтуынша, ауыл тұрғыны оны сотқа беріп, жеңіп шыққан. Енді ол кішкентай қыздың отбасына материалдық және моральдық зиян өтемі ретінде 1,25 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Бұған дейін бала сырғанақтан құлап, басынан жарақат алған еді. Сотта анасы бұл алаңның қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін, оның ішінде соққыны бәсеңдететін жұмсақ төсенішінің болмағанын алға тартқан.
Кәсіпкер сот шешімімен келіспейді, бірақ оны орындайтынын мәлімдеді. Өйткені, оның айтуынша, куәгерлер бала сырғанаққа сатысынан емес, сырғанайтын жерінен шығып бара жатқанда құлаған. Осыдан кейін ол алаңды бұзып, құрал-жабдықтарын көрші ауданға өткізіп жіберген.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Көп желі қолданушысы кәсіпкерді қолдап, өтемақыны төлеуге ақша жинап беруді ұсынды, алайда ол бұл қаржылай көмектен бас тартты.


