​Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

0
122

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


​Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

ERNUR.KZ Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде үш кәмелетке толмаған бала бар, деп жазады kaz.inform.kz.


Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 16 тамыз күні «Астана – Петропавл» автожолының 284-шақырымында болған. Mercedes-Benz пен Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.

“ Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-Benz көлігіндегі тағы төрт жолаушы мен Toyota Camry жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың үшеуі – кәмелетке толмаған балалар “, – делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.