Ақмола облысында сегіз жүк вагоны рельстен шығып кетті

0
139

Локомотив жеке компанияға тиесілі.


Ақмола облысында сегіз жүк вагоны рельстен шығып кетті

Фото: ҚТЖ

ERNUR.KZ. Оқиға Ақмола облысындағы Макинка станциясына жақын орналасқан "Бота 2015" ЖШС-нің кірме жолында болған. Сол жерде 8 жүк вагоны рельстен шығып кеткен. Бұл туралы "ҚТЖ" баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

"Локомотив жеке компанияға тиесілі. Бригада қызметкерлері де жеке ұйымның жұмысшылары. Оқиға салдарынан байланыс желісі құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздар қозғалысында кідірістер бар", – деді "ҚТЖ" өкілдері.

Оқиға орнына қалпына келтіру пойыздары мен апаттық бригада жіберілген.

Кейін "ҚТЖ" Макинка станциясында жағдай тұрақталып, пойыз қозғалысы қайта жанданғанын хабарлады.

"Оқиға жеке ұйым қызметкерлерінің кінәсінен болған. Вагондардың рельстен шығу себептері тергеліп жатыр", – деп хабарлады компания.