Ақмола облысында 80 жастағы ер адам жаяу жүргіншіні басып, оқиға орнынан қашып кеткен

0
105

Қария шартты түрде сотталды.


Ақмола облысында 80 жастағы ер адам жаяу жүргіншіні басып, оқиға орнынан қашып кеткен

фото: Sputnik / Максим Маслов

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Астрахан аудандық соты 80 жастағы ер адамға үкім шығарды, деп жазады sputnik.kz.
2025 жылдың жазында ол жолдың шетінде келе жатқан жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болады.
"Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші оқиға туралы тиісті органдарға хабарламай оқиға орнынан қашып кетті. Қылмыстық іс сотқа абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу және жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кету фактісін мойындау бойынша түсті", - дейді сот.
Соттың мәліметінше, сотталушы кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінген және қаза тапқан адамның туыстарынан кешірім сұраған. Жәбірленушілер автокөлік жүргізушісімен залалды өтеу туралы медиативтік келісім жасасып, оған материалдық және моральдық сипаттағы талаптары жоқ екенін хабарлаған.
Келісімді судья мен прокурор қабылдады. Нәтижесінде 80 жастағы автокөлік жүргізушісі көлікті басқару құқығынан айырылып, шартты түрде 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын алды.