​Ақмола облысында 6 жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

0
171


​Ақмола облысында 6 жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

Фото: Ақмола облысы ПД

ERNUR.KZ. Ақмола облысында полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен 6 жасар баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2025 жылдың 30 сәуірінде Ақмола облысы Қорғалжын ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 2019 жылы туған алты жасар ұлы Қалмырза Жандәулеттің жоғалып кеткені туралы арыз түскен. Анасының айтуынша, бала сағат 19:00 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала жоғалған күні адамдар оны Нұра өзенінің маңынан көрген, содан кейін оның қайда екені белгісіз.
Полицияға түскен ақпарат бойынша, бала арықша келген, шашы қара, көзі қоңыр. Жоғалып кеткен кезде үстінде қызғылт сары түсті күрте, қара колготки және қоңыр түсті кроссовка болған.
Іздестіру шараларына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Баланың болуы мүмкін барлық орындар, соның ішінде өзеннің жағалауы тексеріліп жатыр. Полиция қызметкерлері барлық тұрғынды қырағы болып, Жандәулеттің жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда дереу 102 нөміріне немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласуды сұрайды.
Бөлісу