ТЖМ дауылды ескертулерде елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Республикалық маңызы бар автожолда қозғалыстың шектелуіне байланысты Ақмола облысының Есіл ауданында блок-бекетте 46 жолаушысы бар автобус қалып қойды деп жазады azattyq-ruhy.kz.
ТЖМ құтқарушылары полициямен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жақын маңдағы жылыту пункттерінде 46 адамды орналастырды, оның ішінде біреуі бала. Эвакуацияланғандардың барлығы Ресей Федерациясының азаматтары болды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.


