Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға 15 қарашаға қараған түні тіркелген. Құқық қорғаушылар дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.
Күдікті бір тәуліктің ішінде ұсталды
Полиция мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адам оқиғадан кейін қашып кетуге тырысқан. Алайда құқық қорғау органдары оның орналасқан жерін тәулікке жеткізбей анықтап, ұстаған.
Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Тергеу ерекше бақылауда
Департамент басшылығы істі ерекше бақылауға алғанын хабарлады.
«Күдікті заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық фактілері ең қатаң түрде тоқтатылады», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Полиция ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды
Құқық қорғау органдары тұрғындарды әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауға және тек ресми мәліметтерге сүйенуге үндейді.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.


