Аймақ климатына бейімделген: Ақтөбеге көше тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді

0
116

Техникалар жыл бойы қала аумағын тазалауға арналған және жақын күндері облыс орталығының көшелерінде жұмысын бастайды.


Аймақ климатына бейімделген: Ақтөбеге көше тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді

ERNUR.KZ. Ақтөбеге көшелер мен саябақтарды тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

Жаңа коммуналдық техниканың ішінде 15-і - скверлерді, саябақтар мен тротуарларды тазалауға арналған сыпыратын-вакуумдық машина, 20-сы - күзгі-қысқы маусымда көшелерді күтіп ұстауға бағытталған біріктірілген жол техникасы.
Әкімдік хабарлауынша, аталған техникалар жыл бойы қала аумағын тазалауға арналған және жақын күндері облыс орталығының көшелерінде жұмысын бастайды.

Облыс әкімі Асхат Шахаров жаңа техникаларды қарап шығып, оны пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қаланы сапалы тазалауға көңіл бөлуді тапсырды.

Erdemli компаниясы өкілінің айтуынша, 15 техника Ақтөбе климатына бейімделген және көпфункциялы сипатқа ие.
Сыпыратын-вакуумдық машиналар сыпыру, шаң сору, жуу және қыс мезгілінде жұмыс істей алады. Мұзға қарсы ерітіндіге арналған бактардың болуы техниканы жыл бойы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

"Біздің вакуумдық тазалау машиналарымыз саябақтар мен қала көшелерін тазалауға арналған. Бұл техника ұзақ қызмет етеді және коммуналдық қызметтерге сенімді көмекші болатынына сенімдіміз. Ең бастысы – операторлар мұқият және ұқыпты қарау керек", – деді тасымалдаушы компания өкілі Баубек Қазыбаев.

Компания жергілікті мамандарды оқытудың алғашқы кезеңін өткізді: 10–12 оператор дайындықтан өтті. Техникаға екі жылдық кепілдік беріледі, ал техникалық қызмет көрсету қалалық қызметтермен бірлесе атқарылады.