Михаил өз бағдарламасында төрттік флипті сәтті орындағанымен, басқа күрделі элементтерде қателік жіберді.
Фото: ҰОК
ERNUR.KZ. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен ISU Гран-приінің үшінші кезеңінде жүлдегерлер қатарына іліге алмады, деп жазды Іnformsports.kz.
Жарыстың қорытынды күнінде, 8 қарашада отандасымыз еркін бағдарламада 168,62 ұпай жинап, 12 қатысушының ішінде 6-шы нәтиже көрсетті. Ал қысқа бағдарламада 94,87 ұпаймен 5-орынға жайғасқан болатын. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Шайдоров 263,49 ұпаймен жалпы есепте 5-орынды иеленді және үздік үштіктен 18,13 ұпай қалып қойды.
Михаил өз бағдарламасында төрттік флипті сәтті орындағанымен, басқа күрделі элементтерде қателік жіберді. Төрешілер оның төрттік лутц секірісінде бұрылыстың жетпей қалғанын тіркеп, екі төрттік секірісі бар каскад үшін де бағаны айтарлықтай төмендетті.
Қытайдағы кезеңде жапониялық Као Miура (293,25) алтын алса, ресейліктер Владислав Дикиджи (282,44) күміс, Евгений Семененко (281,62) қола жүлдені еншіледі. Шайдоров бұған дейін Франциядағы кезеңде 10-орын алған еді.
Айта кетейік, ол осы турнирде 2024 жылы күміс, ал 2025 жылы қола медаль иеленген болатын.


