Адамға қарай оқ атқан астаналық 5 жылға сотталды

0
102

​Газ тапаншасын қару еткен ер адам алдымен әуеге оқ атқан. Кейін қаруын жәбірленушіге бағыттаған. Ол қашып үлгерді.


Адамға қарай оқ атқан астаналық 5 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Астанада түнгі жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әуеге екі рет, кейін жәбірленушіге қарай оқ атқан. Абырой болғанда, азамат қашып үлгеріп, жарақат алмаған, деп жазады baq.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Елорда прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы, сондай-ақ қаруды не өзгеде заттарды пайдалана отырып қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.