Абай облысында қайғылы жағдай: Ертіс өзенінде екі бала суға кетті

0
90

​Полиция қызметкерлері ата-аналарға үндеу жасады.


 Абай облысында қайғылы жағдай: Ертіс өзенінде екі бала суға кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Семей қаласының Нахаловка ауданында 12 шілде күні қайғылы оқиға болды. Ертіс өзенінде 2015 және 2016 жылы туған екі бала суға батып кетті. Балалардың денесін құтқару қызметінің мамандары судан алып шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, су айдындарында профилактикалық рейдтер жүріп жатыр. Ерекше назар ересектердің қарауынсыз су жағасында жүрген балаларға және шомылуға арналмаған орындарға аударылып отыр.

Абай облысы Полиция департаменті ата-аналарды балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға және олардың қайда, кіммен жүргенін үнемі бақылауға шақырады.

«Бір сәтке назардан тыс қалдыру орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің жауапкершілігі», – делінген ПД хабарламасында.