7 жасар балаға қалдырған: Астанада терезеден құлаған 3 жасар бала көз жұмды

0
155

Оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған.


7 жасар балаға қалдырған: Астанада терезеден құлаған 3 жасар бала көз жұмды

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Астанада 3 жасар бала терезеден құлап қаза тапты. Оған 7 жасар ағасы қарап отырған, деп жазады baq.kz.

Астанада 26 тамыз күні 3 жасар бала тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден құлап, қаза тапты.

Оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған. Терезеден құлаған балаға 7 жасар ағасы қарап отырған.

Полиция мәліметінше, бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Ведомство өкілдері мұндай жағдайлардың басым бөлігі ересектердің салғырттығынан және қарапайым сақтық шараларының болмауынан орын алатынын атап өтті.

Балалардың қауіпсіздігі — сіздердің қолдарыңызда. Тек қана ересектердің мұқияттылығы мен жауапкершілігі қайғылы жағдайлардың алдын ала алады, - деді полиция департаментінде.