5 мамырдан бастап Алматыдан Ташкентке жаңа рейс ашылады

0
496


5 мамырдан бастап Алматыдан Ташкентке жаңа рейс ашылады

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. My Freighter (Centrum Air) өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды, деп жазады Zakon.kz.

"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп хабарлады Қазақстанның Көлік министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, 5 мамырдан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы шығады. Әуе компания Ташкент - Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды.

Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды.