48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

0
77

Жаз мезгілі дәстүрлі түрде бірқатар инфекциялық аурудың пайда болу қаупінің артуымен сипатталады.


48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді
ERNUR.KZ. Осы кезеңде табиғи ошақты инфекциялардың аллын алу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағамнан уланудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп, профилактикалық іс-шараларды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Ол маусымдық кезеңдегі ең өзекті қауіп-қатердің біріне тоқталып өтті.

«Конго қырым гемаррагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал. Ол – аса қауіпті ошақтық вирустық инфекциялардың бірі. Аурудың ең басты тасымалдаушылары – экзот кенелері. Қазақстанда аурудың табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласының аумағында орналасқан. Конго қырым гемаррагиялық қызбасымен сырқаттанушылық елімізде жыл сайын тіркеледі. Республика бойынша жыл сайын орта есеппен 25-30 жағдай анықталады. Кенелердің белсенділігі жоғары кезеңде аурудың маусымдық ауқымының өсуі байқалуы мүмкін. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Эпидемиялық өңірлерде профилактикалық іс-шаралардың толық кешені жүзеге асып жатыр», – деді спикер.

Биылдың басынан бері зертханалық жолмен расталған 22 жағдай тіркелді. Санитариялық қызмет тарапынан барлық қауіпті елдімекен айналасында қорғаныш аймақтары құрылды. Ветеринариялық қызмет 7.5 млн астам ауыл шаруашылығы жануары және мал шаруашылығы нысандарының 48 млн шаршы метрден астам аумағын кенелерге қарсы өңдеуден өткізді. Қазір өңдеудің екінші кезеңінің кестесі қалыптастырылуда.

Жеке қорғану шараларына да назар аударылады. Инфекция кене шаққанда, ауыл шаруашылығы жануарларын күту кезінде, науқас адамның қаны және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен байланыс кезінде жұғуы мүмкін. Қауіп-қатері жоғары топта мал өсірушілер, шопандар, ветеринариялық және медицина қызметкерлері жатады. Бұл дертке қарсы вакцина жоқ. Аурудың алдын алу үшін қауіпсіздік талаптарын орындау қажет.