48 миллион теңгенің жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

0
144

Талдау барысында прокурорлар игерілмеген, иесіз қалған немесе заңсыз берілген жалпы ауданы 59 гектар болатын 11 жер учаскесін анықтады.


48 миллион теңгенің жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Түркістан облысында прокурорлар кадастрлық құны 48 млн теңге болатын жер учаскелерін қайтарды. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Талдау барысында прокурорлар игерілмеген, иесіз қалған немесе заңсыз берілген жалпы ауданы 59 гектар болатын 11 жер учаскесін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде уәкілетті мемлекеттік орган сотқа талап арыз түсірді.

"Істерді сотта қарау нәтижесі бойынша жалпы ауданы 59 гектар, кадастрлық құны 48 миллион теңге болатын 11 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп хабарлады қадағалау органы.

Сот актілері заңды күшіне енді. Заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.