44 градус ыстық болады: Қазгидромет кей өңірдің тұрғындарына ескерту жасады

0
142

Қызылорда, Шымкент және Түркістанда 40 градустан жоғары аптап ыстық болады


44 градус ыстық болады: Қазгидромет кей өңірдің тұрғындарына ескерту жасады

фото: Frederic J. BROWN

ERNUR.KZ. 16-18 мамырда Қазақстанның басым аумағында аптап ыстық болады, деп жазады sputnik.kz.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман басады. Сынап бағанасы күндіз +20+22, түнде +13+15 жылы болады.
Қостанайда да ауа райы дәл осындай болады. Күндіз +20+22, түнде +13+15 жылы.
Көкшетауда таңертең және түстен кейін аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде 15+17 градус.
Павлодарда күн ашық, күндіз жел соғады. Сынап бағанасы күндіз, +28+30, түнде +15+17 градус.
Қарағандыда күн ыстық болады, күндіз +33+35, түнде +17+19 градус.
Жезқазғанда сынап бағанасы күндіз +35+37 градусқа жетеді. Ал түнде +20+22 градус болады.
Өскемен күн ашық, жауын-шашынсыз. Термометр көрсеткіші күндіз +30+32, күнде +10+12 градус.
Семейде аптап ыстық болады, күндіз +38+40 градус, түнде +13+15 градус жылы.
Оралда күн ашық. Сынап бағанасы күндіз +22+24, түнде +9+11 градусты көрсетеді.
Атырауда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз екпінді жел соғады. Күндіз +21+23, түнде +13+15 градус жылы.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Күн райы күндіз +20+22, түнде +9+11 градус жылы.
Ақтауда күн райы өңірлермен салыстырғанда салқын болады. Күн бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қатты жел соғады. Сынап бағанасы күндіз +18+20, түнде +14+16 градус жылыны көрсетеді.
Таразда аптап ыстық болады, күндіз +37+39, түнде +16+18 ыстық.
Түркістанда да ыстық болады. Ауа райын болжаушылар мұнда күндіз +40+42, түнде +22+24 градус ыстық болады дейді.
Қызылордада ерекше аптап ыстық болады. Сынап бағанасы күндіз +42+44, түнде +23+25 градусты көрсетеді.
Қонаев пен Талдықорғанда ауа температурасы күндіз +35+37, ал түнде +18+20 градус болады.

Ірі қалаларда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Астанада
Көшпелі бұлт шығып, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 жылы.
Алматыда
Күн ашық, жауын-шашын болмайды. Сынап бағанасы түнде 19-21 жылы, күндіз қатты ыстық, 34-36 градус. Тек 18 мамырда ғана аптап ыстықтың беті қайтады.
Шымкентте
Аптап ыстық болады, сынап бағанасы түнде 18-20 жылу, күндіз 39-41 градус аптап ыстық.
Жалпы Қазақстан бойынша 18 мамырда ғана ыстықтың беті қайтады.