25 мыңнан аса қазақстандықтың жалақысы 50 пайызға дейін көбейеді

0
136

Биыл маусымда заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды.


25 мыңнан аса қазақстандықтың жалақысы 50 пайызға дейін көбейеді

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді көздейтін "Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген түзетулер күшіне енді, деп жазады tengrinews.kz.

Қазір Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі осы заңды іске асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы биыл қыркүйектен бастап артады. Ел бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін 25 мыңнан аса қызметкердің жалақысы өседі. Аймақтарға байланысты және ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес еңбекақы орта есеппен 35-50%-ға көбейеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл түзетулерді әзірлеу былтыр басталған болатын. Биыл маусымда заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды.