​25 қыркүйекте eGov порталында АЭС атауын ұсынуға арналған бөлім ашылады

0
128

Азаматтар өз нұсқаларын жаңа бөлім арқылы ұсына алады.


​25 қыркүйекте eGov порталында АЭС атауын ұсынуға арналған бөлім ашылады

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

ERNUR.KZ. Ертең, 25 қыркүйекте, eGov порталында әр азамат елдегі алғашқы атом электр станциясына атау ұсынатын арнайы бөлім іске қосылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сонымен қатар қатысушыларға арналған баннер орналастырылады және азаматтарға push-хабарлама жолданады.

Бастама Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурстың шеңберінде жүзеге асырылады.
Азаматтар өз нұсқаларын жаңа бөлім арқылы ұсына алады.
Айта кетейік, бұған дейін алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы 25 қыркүйекте басталатыны хабарланды.
Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев жаңа АЭС-тің атауына қатысты пікір айтты.
- Оның атауына қатысты тиісті өлшемшартты айқындадық. Бұл тұрғыда тарихи әрі имидждік маңыздылығы ескеріледі. АЭС атауы тарихи-мәдени мұраны қамтиды, — деді Алмасадам Сәтқалиев.
АЭС атауын таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді.
Еліміз атом жобасын іске асырудың басты кезеңіне өтіп, бірінші АЭС құрылысына дайындық жүргізіп жатыр.