2030 жылға дейін елдегі жолаушылар вагоны толық жаңартылады

0
142

Бүгінгі таңда ҚТЖ-ның жолаушыларға қызмет көрсететін жылжымалы құрам паркі 2 167 бірлікті құрайды.


2030 жылға дейін елдегі жолаушылар вагоны толық жаңартылады

фото: ҚТЖ
ERNUR.KZ. 2030 жылға дейін "Қазақстан темір жолы" жолаушылар вагоны паркін 100 пайызға жаңартуды көздейді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

"Ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында Stadler компаниясының өндірісінен шыққан 557 заманауи вагон жеткізу жоспарланған. Оның алғашқы 51 бірлігі биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, жаңарту жұмыстары отандық өндіріс мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүзеге асырылып жатыр. Петропавл қаласындағы ЗИКСТО зауытында құрастырылып жатқан жаңа үлгідегі вагондар заманауи талаптарға толық сай келеді. Биыл ҚТЖ 107 вагонды қабылдауды жоспарлап отыр", - деп жазылған хабарламада.

ҚТЖ еске салғандай, "Астана – Курорт Бурабай" және "Астана – Қарағанды" бағыттарына жаңа үлгідегі, 18 вагоннан тұратын екі электр пойызы жолға шықты. Жақын арада тағы бір құрам жеткізіледі деп күтіліп.

Бұдан бөлек, компания 2027 жылға дейін отандық өндірушіден қосымша 350 вагон сатып алу туралы келісім жасасу көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда ҚТЖ-ның жолаушыларға қызмет көрсететін жылжымалы құрам паркі 2 167 бірлікті құрайды. Оның ішінде 732 Talgo вагоны, 1 321 стандартты вагон және 114 мотор-вагонды құрам бар.