​2026 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері өсті

0
109


​2026 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері өсті

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңге болды, деп жазады kaz.inform.kz.
Бұл бірнеше төлемнің мөлшеріне әсер етеді. Өйткені, айлық есептік көрсеткіш көптеген есептеуде қолданылады. Мемлекет бюджеттен әлеуметтік төлемдерді осы көрсеткіш арқылы есептейді.

Сондай-ақ айыппұлдар, мемлекеттік баждар және басқа да міндетті төлемдер осы көрсеткіш арқылы алынады.

2026 жылғы ең танымал мемлекеттік баждардың мөлшері төмендегідей болды:

Жеке куәлік (ресімдеу немесе ауыстыру) — 865 теңге (0,2 АЕК);
16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік ҚР паспорты — 17 300 теңге (4 АЕК);
36 беттік ҚР паспорты — 34 600 теңге (8 АЕК);
48 беттік ҚР паспорты — 51 900 теңге (12 АЕК).