2025 жылы Ресей Байқоңырдағы "Гагарин стартын" Қазақстанға табыстауды бастайды

0
349

№1 ұшыру кешенін Ресей үкіметі 2050 жылға дейін жалға алған.


2025 жылы Ресей Байқоңырдағы

фото: Космический центр "Южный"/Роскосмос

ERNUR.KZ. 2025 жылы Ресей Байқоңырдағы №1 ұшыру кешенін Қазақстанға табыстауды бастайды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы РИА Новости Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының хаттамасына сілтеме жасап хабарлады.
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы, ҚР ЦДИАӨМ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 1-ші ұшыру алаңының (Гагарин старты) объектілерін қабылдап-тапсыруды ұйымдастырады", - делінген хаттамада.
Ұшыру алаңы Юрий Гагариннің құрметіне "Гагарин старты" деп аталды. Дәл осы жерден ол ғарышқа алғаш рет ұшты.
2023 жылы Роскосмос Қазақстан үкіметіне бұл алаңды жалға беруден шығарып, оның базасында ғарыштық техника көрмесі өтетін музей жасауды ұсынды.

"Гагарин стартын" Ресей үкіметі 2050 жылға дейін жалға алған.