2025-2026 жылғы оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңгеге өседі

0
128

Президент педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы бес жылда екі есе көбейгенін айтты.


2025-2026 жылғы оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңгеге өседі

Фото: Stan.kz

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында педагог мамандығы бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 84 мың теңгеге дейін өсетінін айтты, деп жазады stan.kz.

Президент педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы бес жылда екі есе көбейгенін айтты.

“Биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы бес жылда екі есе көбейді. Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңге болады. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде жастардың мұғалім болуға ынтасы артып келеді. Былтыр 1800-ге жуық “Алтын белгі” иегері педагог мамандығына оқуға түскен. Ал биыл 2 мыңнан астам үздік түлек ұстаз мамандығын таңдап отыр. Бұл – барлық “Алтын белгі” иегерлерінің 23 пайызға жуығы деген сөз”, – дейді президент.

Мемлекет басшысы қазақстандық оқушылардың жетістіктерін атап өтті.

“Мен жақында осындай бір топ оқушыны Ақордаға арнайы шақырып, марапаттадым. Олар қазақтың зияткер ұлт екенін бүкіл әлемге танытып жүр. Жалпы, нақты жетістіктер аз емес. Бірақ, арқаны кеңге салуға болмайды. Себебі, алда атқарылатын шаруа одан да көп. Осы орайда, бүгін оқу-ағарту саласына қатысты бірқатар ойымды ортаға салғым келеді", – деді Тоқаев.