2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

0
79

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Түркияның Анталья қаласында ұсталды.


2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

polisia.kz

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Түркияда 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Түркияның Анталья қаласында ұсталды. Оны Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті және Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығы бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында қолға түсірген.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында сыбайластарымен бірге адамдардың сеніміне кіріп, алдау арқылы 6 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген.

16 шілдеде күдікті Түркиядан Қазақстанға депортацияланды. Оны елге қайтару жұмыстарына Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығы мен ҚР ІІМ қызметкерлері атсалысты.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген төрт адамды ұстады. Тергеу материалдарына сәйкес, олардың әрекетінен келген жалпы материалдық шығын 568 миллион теңгеге жеткен.