Мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру кезінде 1 және 2 жылдық көшеттер пайдаланылады.
фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп ағаш егу тапсырмасын берді.
2021-2024 жылдары республика бойынша барлығы 1 млрд. 150 млн. ағаш отырғызылды.
Тапсырманың орындалу мерзімінің ұзартылуына байланысты ормандарды молықтыру және қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлар қайта бекітілді.
Мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру кезінде 1 және 2 жылдық көшеттер пайдаланылады.
Көшеттердің жасы 1-2 ж.;
биіктігі тұқымына қарай: жапырақты 10-30 см,
қылқан жапырақты ағаштарда 15-50 см.
-екпе көшеттер ормандарды қалпына келтіруде, сондай-ақ үлкен аумақтарда, материал бағасының төмендігі қажет болатын жаппай отырғызу кезінде қолданылады;
-республика бойынша барлығы 3178 га аумақта 251 орман питомнигі бар, онда қазіргі уақытта 280 млн. астам 1 және 2 жылдық көшеттер өсіріледі;
-орман заңнамасында мемлекеттік орман қорында аудандастырылмаған отырғызу материалын пайдалануға тыйым салынады.