189 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

0
134

Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат — магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды.


189 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Фото: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ERNUR.KZ. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 189 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды, деп жазады inform.kz.

Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.

— Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат — магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді, — делінген хабарламада.
«Болашақ» стипендиясының иегерлерінің толық тізімін мына жерден көре аласыздар.