113 кәсіпорын МАЖ орнатуға міндетті

0
130

2021 жылы қағидада белгіленген критерийлерге сәйкес бірінші кезекте МАЖ орнатуға тиіс 91 кәсіпорын анықталған.


113 кәсіпорын МАЖ орнатуға міндетті

Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау нәтижесінде МАЖ енгізуге міндетті кәсіпорындардың саны 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 113-ке дейін кеңейтілді. ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

Бүгінгі таңда осы 113 кәсіпорынның 90-ы МАЖ орнатты. Оның ішінде 85 кәсіпорын МАЖ деректерін ҚОТРЖ ҰДБ жүйесіне нақты уақыт режимінде беріп отыр.

«Қалған 5 кәсіпорында ҚОТРЖ ҰДБ жүйесіне қосылу және деректерді тестілеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: Атырау облысында - «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС; Қарағанды облысында - KaragandaKomir» ЖШС; Ұлытау облысында - «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ; Абай облысында – «Востокэнерго» ЖШС; Шығыс Қазақстан облысында, Усть-Таловкада – «Востокэнерго» ЖШС», – деді ведомство өкілі.

МАЖ орнату бойынша талаптарды орындамаған кәсіпорындарға Министрлік тарапынан инспекторлық ден қою шаралары қабылданды. 2024–2026 жылдары АСМ орнату талаптарын бұзған кәсіпорындарға қатысты 48 әкімшілік айыппұл салынып, олардың жалпы сомасы 30,8 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын толық орындау мақсатында Министрлік МАЖ енгізу жұмыстарын аяқтау бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр. 2021 жылы бірінші кезекте анықталған 91 кәсіпорын бойынша МАЖ орнату жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.