11 жасар қазақстандық қыз 13 жастағы қызды соққыға жыққан: Сот үкім шығарды

0
396

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


11 жасар қазақстандық қыз 13 жастағы қызды соққыға жыққан: Сот үкім шығарды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 11 жасар қызы 13 жастағы қызды соққыға жыққан қазақстандық әйелге қатысты істі қарады, деп жазады stan.kz.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А-ға қатысты іс қаралды. Оған әкімшілік кодекстің"Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетті жасауына алып келген ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы” бабы бойынша хаттама толырылды.

"А-ның 11 жастағы қызы Ө-ге қатысты кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамай, қызының 13 жастағы қызды ұрып-соғып, бейнежазбаға түсіріп, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген”, – делінген хабарламада.

Сот отырысында А кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

"Сот жаза тағайындау барысында әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайы кінәсін мойындауын, шын ниетпен өкінуін, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескерді. А әкімшілік кодекстің 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 73 840 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

"Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетті жасауына алып келген ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін" - 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану көзделген.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.