10 жасар баланы иттен құтқарған қазақстандық азамат марапатталды

0
142

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл жасап, бала ауыр жарақат алды.


10 жасар баланы иттен құтқарған қазақстандық азамат марапатталды

Сурет: Қарасай ауданы әкімінің аппараты

ERNUR.KZ. 30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында ит 10 жасар балаға шабуыл жасап, нәтижесінде бала ауыр жарақат алған. Құзырлы органдар жеткенше оқиға орнына бірінші болып ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев жеткен, деп жазады zakon.kz.

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл жасап, бала ауыр жарақат алды. Оқиға орнына құзырлы органдар келгенше дер кезінде жеткен ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпті елемей, итке қарсы тұрып, оны бейтараптандырып, баланы өлім аузынан арашалап қалды.

Қарасай ауданы әкімінің аппараты атап өткендей, бұл нағыз азаматтық ерлік пен шынайы қаһармандықтың жарқын үлгісі.

Серікбек Сақайбаевтың батылдығы елеусіз қалмады. Оған құрмет көрсету мақсатында арнайы марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек мырзаға Алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстады.

Сонымен қатар, мерекелік жиынға аудандық полиция басқармасының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков арнайы келіп, Серікбек Сақайбаевқа Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды. Қарасай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов өз батасын беріп, бұл ерлік елге үлгі болатынын атап өтті.

"Бұл оқиға – әрбір азамат үшін үлкен сабақ. Қоғамдағы бейқамдық пен салғырттық адам өміріне қауіп төндіретіні анық. Заңсыз және бақылаусыз ит ұстау деректері анықталған жағдайда тұрғындар құқық қорғау органдарына немесе аудан әкімдігіне дереу хабарлауы тиіс."Қарасай ауданы әкімінің аппараты

Қарасай ауданы әкімдігі Максимнің тезірек сауығып кетуін тілей отырып, бұл істі толық бақылауда ұстап отыр. Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік – біздің ең басты құндылықтарымыз.