1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33 %-ке қымбаттайды

0
108

Энергетика министрлігі халық үшін бағаның бұдан әрі көтерілуі күтілмейтінін айтты.


1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33 %-ке қымбаттайды

фото: Акимат Астаны

ERNUR.KZ. 1 шілдеден бастап тауарлық газдың бағасы 33%-ке қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Соңғы төрт айда Теңіз кенішіндегі және біздің басқа да кен орындарымыздағы техникалық ақауларға байланысты газ өндірісі төмендеді. Дегенмен, өндірістің бұл төмендеуі халықтың газбен қамтамасыз етілуіне әсер етпегенін атап өткім келеді. Өйткені ұлттық оператор QazaqGaz транзиттік ағындар есебінен тұтыну қажеттілігін қамтамасыз етті. Биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ке өседі деп күтеміз", - деді Тұтқышбаев.
Вице-министрдің айтуынша, мұның бәрі жылыту маусымының қалыпты өтуі мен газ инфрақұрылымын жаңарту үшін жасалып жатыр. Сонымен қатар ол халық үшін газ бағасының алдағы уақытта қымбаттамайтынын айтты.