Сіз мұндай ырымдарға сенесіз бе?
фото: in.pinterest.com
Үйге көшуге, жаңа үй салуға және қоныс тойға байланысты көптеген көне ырымдар бар.
1.Іргетастың бұрышына теңге немесе жүн көму керек.
2. Алғашқы кірпішті отбасының ең үлкен адамы қояды.
3. Үйге бірінші жасы үлкен ер адам кіреді.
4. Ескі үйде ештеңе қалдырмаңыз, жаман энергия қалуы мүмкін.
5. Жаңа үйдің бұрыштарына тұз қойыңыз – тазалық пен тыныштық үшін.
Жаңа үйге кіргенде пісірілген алғашқы тамақтың иісі үйге сіңіп, сол иіс үйдің энергиясына айналады. Сол үшін бірінші тәтті тағам, сүтке пісірілген тағам дайындаған дұрыс дейді.
Жаңа үйге адам емес, от пен дыбыс бірінші кіруі керек. Бұл үйдің ішіндегі «үнсіздік, бос қуатты» ояту және жын-шайтан, жағымсыз энергияны шығару үшін керек-мыс.
Үйге кірмей тұрып, екі қасықты бір-біріне ұрып дыбыс шығарасыз. Шарық, майшам немесе адыраспан жағып кірсеңіз де болады.
Үйде ең алғаш түнеген күні бос орындық қалдырмау керек дейді. Егер орындықты бос қалдырсаң, оған түнде «беймәлім біреу» отырып кетуі мүмкін. Көрінбейтін «күш иесі» орынды иеленеді деген сенім бар.
фото: dzen.ru
Не істеу керек?
Үйдегі барлық орындықтарға жастық, кітап, киім қойып қойсаңыз болады.
Ескі сыпырғышты жаңа үйге алып баруға болмайды деген де ырым бар.
Ол өткен энергияны, реніш пен пәле-жалағны да «сүйреп» алып келуі мүмкін деп сенеді. Жаңа үйге міндетті түрде жаңа сыпырғыш алу керек.
Босаға майлау
Қазір мұндай салттың жасалынуы жиі орын алмайтыны рас.
Жас жұбайлар отау құрғанда немесе біреу жаңа үйге көшіп келіп жатқан болса, туыстары босаға мен табалдырыққа май жағады.
Бұл үйдің майдай жайлы болып, үйге қонақтың көп келуі үшін жасалатын ырым. Бұл рәсімді өткізген адамға үй иелері атынан сыйлық беріледі.
Үйге кірер кезде оқылатын дұға
Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. (Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін делінген.)
«Бисмииәһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә.»
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: