​Қымызға піскен қуырдақ: ҚУЫРДАҚТЫҢ ҚАНША ТҮРІН БІЛЕСІЗ?

0
303

Қазақтың дәстүрлі тағамдарын білесіз бе?


​Қымызға піскен қуырдақ: ҚУЫРДАҚТЫҢ ҚАНША ТҮРІН БІЛЕСІЗ?

фото: informburo.kz

Қай малдың болса да жаңа сойған жас етін қазанға салып, бие сүтін құйып, тұз салып ақырын ғана қайнатқан кезде өз буымен піседі. Сырбаз-қуырдақты қымызбен қосып дайындайтын болғандықтан, бұл ерекше сусын қуырдаққа тартымды қышқыл дәм беріп, адамның тәбетін аша түседі.

Кей жерлерде мұны «бұқпа қуырдақ» деп те атайды. Піскен кезде еті сағыздай созылып тұрады. Аталған дәмі сыйлы кісілер мен қарт адамдарға тартады. Соңғы жылдары ұмытылып бара жатқан халқымыздың осы жеңсік тағамның болғанын жастар жағы біле бермеуі мүмкін. Бұқпа да, сірне де, сырбаз қуырдық та жасалу жолы ұқсас болғанымен әрқайсысының өз ерекшелігі мен орны бар дастарқан мәзірі.

Қуырдақ, тұшпара, нарын – блар қазақтың ұлттық асханасындағы танымал тағам түрлері. Бұдан өзге де күнделікті өмірде жиі тұтынатын керемет тағам түрлері жетерлік. Алайда қазақ асханасында ел естімеген тағамдар да бар екен. Атын естіген күннің өзінде де дәмін татып көрмегендер бар болуы әбден мүмкін. Ол тағамдардың дайындалу әдістері шалғай жатқан ауылдарда сақталған. Сонымен қатар, ежелден келе жатқан ұлттық тамақ түрлерін Қытай мен Моңғолияда тұратын қандастар да ұмытпай сақтап келе жатыр.

Ал талқан-шәй мен қуырман-шәйді қытай қазақтары әлі күнге дейін ұлттық тағам ретінде тұтынады екен. Талқан-шәй – талқанға сүт араластырылған ерекше сусын түрі. Ал қуырман-шәй – қуырылған ұнның қатысуымен жасалады екен.


Бас қарын. Бұл ерекше қонақтарға арналған. Мұны кәдімгі асылған ет тамақтың орнына да ұсынуға болады екен. Қой етінен дайыналады. Атауы да тамақтың құрамына байланысты қойылған. Еті мен қарыны өз майына бірнеше сағат қайнатылып дайындалады. Оның ішінде пияз, болгар бұрышын, картоп қосуға болады.


Үлпершек. Бұл бір ай уақыт бойы ұнға араластырып сақталған жылқының жүрегінен дайындалады.

Бұл өте ерекше тағам екен, бұған тіпті кім көрінген тапсырыс бере алмаған. Жылқы малының жүрегі пісіп болғаннан кейін де өте қатты болады екен. Сол себепті ол аздап жұмсару үшін, қанын сығып алып, бірнеше жерден кесіп, тұздап ұн салынған қапшыққа салып қояды. Ол бір ай уақыт салқын жерде сақталады.


Бал-қуырдақ.

Қуырдақ тек үйде мал сойылған кезде, ет, ішек-қарын араластырып дайындалатын тамақ ғана деп түсініп өсті.

Ал бұл бал-қуырдақтың дайындалу тәсілі басқашалау екен. Қатық араластырып қой етінен жасалатын қуырдақтың дәмі тіптен тәтті.


Жаппа-қуырдақ немесе жаппасай. Жаппа – бұл да қуырдақ. Бірақ оған пияз, болгар бұрышы секілді көкөністерді қосады. Ыстық тамақ дайын болған соң, үстіне жұқа иленген нан жабады. Оның пісуіне 5 минуттай уақыт керек. Осылайша ет пен қамыр бірігіп кетеді. Бұл тамақты Орталық Қазақстанда көбірек дайындайды. Көбінесе «жаппасай» деп атап жүр.


Жоңқа-қуырдақ. Қуырдақтың тағы бір түрі – жоңқа. Мұны кез-келген еттен дайындауға болады. Ең бастысы – оны дайындау алдында жақсылап мұздату керек. Керек кезінде етті жақсылап сүріп, тілімдеп кесіп, қуыру керек. Бұдан кейін еттің дәмі таңдай қақтырарлықтай болады. Тамақтың келбетінің өзі ерекше көрініс береді.


Көмбе. Тағамның бұл түрі көмірдің шоғына көміліп жасалады. Үлкен даладағы ошаққа от жағып, онда қойдың сирақтарын іліп қояды. Шамамен екі сағаттан соң тамақ та дайын болады. Мұны қазақтар әсіресе көшпенділік заман кезінде жиі қолданыпты. Өздері үшін ғана емес, алыста келе жатқан, адасып кеткен адамдар үшін де солай жол бойында дайындап кететін болған.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ер адамның киімін аяқасты етпеудің мәні неде?


БЕРГЕК деген не?